А А А
Ц Ц Ц
Ш Ш Ш
Іздеу

"" Smart қаламгер

Нашар көрушілер нұсқасы

Сайттың қалыпты нұсқасы

МӨЛДІРГЕ

08 июль 2019
Шығатын жол таба алмай,
Көмекке шақыратын жан таба алмай,
Тұщымды ой таба алмай,
Жүйткіп келе жаттым да,
Мен кенеттен
Тығылдым күресінге.
Сырласым-ау, ақылдым,
ақылшым-ау,
Сен соны білесің бе?...
Күресін ерігенше
Мен қатып қалардаймын.
Ойдағы мың сауалға бір жауап
таба алмаймын.
Тағы алдаймын өзімді...
Бір білерім – дәрменім түгесілді,
Қала алмаймын!
Жеңе алмаймын күйзеліс – күресінді...
Сен кеткенде жұлдыз емес,
Сөнген еді бір Күн.
Содан бері мың жыладым,
мың құладым,
Күлдім.
Мағынасыз күндерімді сүрдім,
Мендік емес бір адамды сүйдім...
Бұл өмірдің мәнсіздігін менен ерте ұққан
Сен расында ақылдысың,
Сіңлім!...
Енді, міне, тіреліп күресінге,
Мәңгілік пен жалғыздықтың
бірін таңдап тұрмын...
Комментарии:
Введите код с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
© 2019 Smart Қаламгер жобасы. Нашар көрушілер нұсқасы.