Байланыс телефондары:
+7(701) 773-62-ХХ
+7(701) 773-62-ХХ
» » Назира Бердалы: «Менде ақшаға ар сатудың қанша мүмкіндігі болғанын сіздер білмейсіздер!»

Назира Бердалы: «Менде ақшаға ар сатудың қанша мүмкіндігі болғанын сіздер білмейсіздер!»

19 ноябрь 2018, Понедельник
611
0
Танымал тележүргізуші, ақын Назира Бердалы арын сатып, ақша тауып жүргендерді сынға алды. Соңғы уақытта қоғамда талқыланып жүрген «ақшаға ар сату» мәселесіне қатысты өз ойын Instagram-парақшасында жазды.

Айтуынша, өз өмірінде оңай жолмен ақша табудың бірнеше мүмкіндігі болған. Алайда, өз арын сақтап, олардан бас тартқан. Себебі, жүргізуші жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүру өзіне тән еместігін айтты.
«Малым-жанымның садағасы, жаным-арымның садағасы». Қазақты ұлт ретінде сақтап келген дәл осы қағида еді. Қазір бұл ұғымның ішек-қарыны ақтарылып, сыртына шығып кетті. Мал үшін жан беруге даярмыз-ау, арды былай қойғанда. Мен «баймын, бай боламын, байыта көр» деп дұға жасамаймын. «Қайырсыз ақшадан сақта» деймін. Қазіргі псиxологтардың пайымынша бұл кедейлік псиxологиясы шығар. Миымда кедергілер көп, бәлкім? Бола берсін. Елді жылатып салған үйі өртеніп кеткен, жалғыз баласы жамандыққа ұшыраған, жазылмас дертке шалдыққан талай байды көрдім. Қайырсыз ақшадан сақта! Қайта оларды Құдайдың жақсы көргені шығар деп ойлаймын, есепті осы дүниеде түгендеген. Маған тағдыр қанша рет оңай ақша ұсынғанын, ақшаға ар сатудың қанша мүмкіндігі болғанын сіздер білмейсіздер! Байлықты таңдасам, қазір сол байлардың қатарында жүрер едім. Сөзсіз», – деп жазды желіге тележүргізуші.
Сондай-ақ, таза еңбекпен ақша тауып жүргендерге құрметпен қарайтынын жеткізді.
        
Талқылау
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы
"Ақпараттық-технологиялық орталығы "РМР" Қоғамдық қоры