Байланыс телефондары:
+7(701) 773-62-ХХ
+7(701) 773-62-ХХ
» » » Уақыт бізді ауыртады алдымен

Уақыт бізді ауыртады алдымен

08 июль 2019, Понедельник
969
0
Уақыт бізді ауыртады алдымен,
Содан кейін емдейді...
Сағаттары санаулылар ешқашан
Еш нәрсені көрмейді.
Естімейді шақырылған азанды,
Түсінбейді саз сыңсыған кернейді.
Ал уақыт мәңгі.
Ол бар жерде заман бар,
Замананы Аллаһ қана тәмамдар.
Бұл уақыттың барлығы хақ,
Сөйтсе де, «уақытым жоқ» дей береді адамдар...
Уақыт жапты сезімдердің қақпасын,
Сенім ұқты бос уақыт таппасын...
Дегенменен, ол әлі бар!
Сізді Аллаһ уақытыңыздың бітуінен сақтасын!
Уақыт жоқ тек адамдарда жаны мұз,
Демесім хақ: «жолыңыздан қалыңыз»!
Бірақ, мынау күйбең күннің ішінен
(Аса қиын болмасын да түсінем),
Бір уақыт табыңыз...
Не үшін бе?
Әр сызығы өлшеулі дүниенің
Шықпау үшін шетіне,
Раббыңызды еске алып,
Бауырыңыздың күліп қарай алу үшін бетіне.
Ғұмыр – қысқа...
Соншалықты созатындай уақытыңыз
көп пе еді?!
Жанайқайым Сізге қалай жетпеді?...
Сырқат рухпен сылтып басып жүріп-ақ,
Уақытқа боламыз-ау өкпелі.
Уақыт – емші.
Уақыт емдер.
Алайда, жазылар ма жанымыздың дерттері?...
Талқылау
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы
"Ақпараттық-технологиялық орталығы "РМР" Қоғамдық қоры