Байланыс телефондары:
+7(701) 773-62-ХХ
+7(701) 773-62-ХХ
» » Назира Бердалы: 19 жасымнан бастап жұмыс істеп, 22 жасымда екі бөлмелі пәтер алғанмын

Назира Бердалы: 19 жасымнан бастап жұмыс істеп, 22 жасымда екі бөлмелі пәтер алғанмын

03 июль 2019, Среда
630
0

Назира Бердалы: 19 жасымнан бастап жұмыс істеп, 22 жасымда екі бөлмелі пәтер алғанмын

Тележүргізуші Назира Бердалы өзінің тәуекелшіл жан екенін, жас кезінде-ақ талай жетістікке жеткенін айтты.

 
 “Мен, негізі, тәуекелшіл жанмын. 19 жасымнан бастап жұмыс істеп, 3 жылдың ішінде 1800$ жинап, 22 жасымда екі бөлмелі пәтер алдым. Несиеге! Алғашқы жарна 15%, 10 жылға!!! Он жылға қорықпай қалай алдым десеңіздерші? Қорыққандардың көбі әлі пәтерсіз жүр…
 Еш қорықпастан жалғыз өзім қасқайып Қытайға барып, жиhазға тапсырыс бердім. Екі ай күткен жиhазым тура мен Мәскеуге кеткенде келіпті, кейіннен жездем екеуміз Алматының бүкіл қоймаларын аралап, әрең таптық. Ақшасын төлеп қойған дүние жоғалып кете жаздады”, – деп жазады ол желідегі парақшасында. 
 Тележүргізуші жұмыспен қатар саудамен айналысқанын, өзінің өжеттілігінің арқасында арманына жеткенін айтты.
 “Осыдан он жыл бұрын Алматыдағы “Тигроxауд” базарының қасындағы сауда үйінен киім дүкенін аштым. Түркиядан тауар тасыдым. Стамбул екінші үйіме айналды… Қазір өздерінің бір-бір бутиктері бар құрбыларым: журналистер, өнер адамдары маған келіп киінетін. Сумкамда 5-6 мың$ жүретін кездер болған. Бір түсінгенім, еңбек еткен кісінің өзегі талмайды. Ұттым да, ұтылдым да. Бәрі маған тәжірибе болды. Бұл өмірде ештеңе жасамаған адам ғана қателеспейді дейді ғой. Қателіктерімнің ешбіріне өкінбеймін!
 Сөйтіп, асықпай жүріп арбамен қоян алатын пысық қыз тұрмысқа шыққан соң бүкіл шешімді еріне тапсырған, жайбарақат, жайбасар келіншек боп шыға келді”, – дейді теледүргізуші.
 Желі қолданушылары тележүргізушінің батылдығы мен өжеттігіне қайран қалысты.
Талқылау
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы
"Ақпараттық-технологиялық орталығы "РМР" Қоғамдық қоры