Байланыс телефондары:
+7(701) 773-62-ХХ
+7(701) 773-62-ХХ
» » » МӨЛДІРГЕ: Аурухана. Түсіме ендің бүгін сен.

МӨЛДІРГЕ: Аурухана. Түсіме ендің бүгін сен.

08 июль 2019, Понедельник
425
0
Аурухана.
Түсіме ендің бүгін сен.
Берер ем ғой барымды да...жоғымды
Өңімде сен тірілсең...
Жүзіңнен – нұр, тіліңнен - жыр төгіліп
Тұрушы едің...
Дәрігердің ақ халатын киінсең.
Ақ халатты, ақ қанатты періштем!
Енді орын алдың ба екен пейіштен?
Жиырма төрт жыл...
Неге сонша қысқа болды ғұмырың,
Неткен аз ед дәм мен суың сен ішкен?..
Бар адамға төгуші едің мейірім,
Ақ халатты атанам деп абзал жан.
Дүниеге сыймады кең пейілің,
Аққу құсым, арманынан алданған...
Аққу құсым, үйірінен адасқан,
Аққу құсым, сыңарынан көз жазған
Болғанымен Жер беті кең, Көк – аспан,
Жалған екен расында да, беу, жалған!...
Талқылау
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы
"Ақпараттық-технологиялық орталығы "РМР" Қоғамдық қоры