Байланыс телефондары:
+7(701) 773-62-ХХ
+7(701) 773-62-ХХ
» » "Сүйген жүрек" - жүрек сүзгісінен өткен ән

"Сүйген жүрек" - жүрек сүзгісінен өткен ән

12 апрель 2012, Четверг
604
0
Мәдина Сәдуақасованың орындауындағы «Сүйген жүрек» әні нағыз хит-ән деуге тұрарлық. Үлкен ықылыс пен шынайы сезімге толы ән жарыққа шыққан бойда, көпшіліктің сүйікті әніне, ал бұл әнге түсірілген әсерлі бейнебаян көрерменнің көзайымына айналды. Лирикалық әннің екі авторы бар. Ән әуенін белгілі сазгер Павел Ли мен Марат Мәліков бірлесе отырып жазған екен. Ал ән мәтінің авторы - ақын Нәзира Бердалы. Ән 2005 жылы жазылған. Сүйікті қызымен ренжісіп қалған Марат Мәліков көңілі түсіп, кеудесінде мұң ұялайды. Осы сәтте шабыты оянып, ән жаза бастайды. Араға бір жыл салып, әнді Мәдина Сәдуақасоваға ұсынады. Жаңа ән әнші көңілінен шығып, ол ақын Нәзира Бердалыдан сөз жазып беруін өтінеді. Әнші ақынға бұл әннің сүйген жүрек туралы жазылуы керек екендігін айтады. Бір әннен сүйген жүректің бүкіл сезімі мен болмысын көрсетуін сұрайды. Өз кезегінде ақын Нәзира Бердалы Мәдинаның аузынан шыққан «Сүйген жүрек» тіркесін арқау етіп, ән сөзін жазуға кіріседі. Екі күннен кейін, ән мәтіні дайын болады.   

Мәдина Сәдуақасова жүректі шымырлатар нәзік үнімен әнді халыққа жеткізді. Әсем ән арқылы ол сүйген жүректің кеңдігі мен бар болмысын көрсете алды. Ал ән авторы Марат Мәліков әуелгі бастан тек Мәдина ғана бұл әнді шебер орындап, оның мағынасын ашып беретініне сенімді болғанын айтады. Ән сөзі жазылып жарыққа шыққан сәтте оны сүйіктісіне тыңдатып, сүйген жүректен шыққан туындымен таныстырады. «Сүйген жүрек» әніне түсірген бейнебаян режиссері Рашид-адай Сүлейменов те өз жұмысында шынайы сезімге толы туындының мән-мағынасын көрсете білді. Әннің жарыққа шыққанына біраз уақыт болса да, «Сүйген жүрек» махаббат тақырыбындағы әуезді әндердің біріне айналды. Бәлкім, мұның сыры әншінің де, сазгердің де, ақынның да әнді жүректерінің сүзгісінен өткізгенінен кейін болар?! 
Сүйген жүрек Әнін жазғандар: Марат Мәліков пен Павел Ли 
Сөзін жазған: Нәзира Бердалы 
Орындаушы: Мәдина Сәдуақасова 

Сүйген жүрек - өмірдегі тірек

Күні-түні соғар 

Саған бақыт тілеп

Сүйген жүрек - сағынғанжылаған 

Жүрсін деп дін-аман 

Тәңірден сұраған


Қайырмасы


Сүйген сенің жүрегім

Мен де мұны білемін

Әмір жүрмес ғашық жүрекке

Аймалашы аяулап

Жан сезімім арай бақ

Бұдан асқан бақыт керек пе, 

Аңсап сені сүйген жүрекке


Сүйген жүрек - Бір саған асыққан

Ол үшін ғұмыр - мұң

Ол үшін күн - думан

Сүйген жүрек - Таусылмас асыл ән 

Сол сүйген жүректі 

Мен саған ұсынам... 


Қайырмасы.
Талқылау
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы
"Ақпараттық-технологиялық орталығы "РМР" Қоғамдық қоры