Асқар тауына деген сағынышын өлеңмен жеткізген Назира Бердалы көпшілікті жылатты
Танымал ақынның әкесі өткен Ораза айында қайтыс болған еді
Жақында ғана өмірден өткен әкесіне деген сағынышын өлеңмен жеткізген ақын көпшіліктің жүрегін елжіретті. Назира бердалы өткен Оразада әкесінен айырылып қалған еді.
Журналистің асқар тауына деген сағынышы көптеген адамның көкейіндегі шеріне тисе керек, желі қолданушылары өлеңді оқып, көздеріне жас алғанын жазған.
«Әкем дүниеден өткелі көңілшек боп барам… Бүгін Елена Әбдіxалықова апамның «Сағыныш-ғұмыр» әнін бес қайтара тыңдадым. Әрине, көз жасымды тыя алмай…
Жұлдыздан жарық жеткенше,
Сағынып үлгердім сені.
Жанымнан тұрып кеткенше,
Сағынып үлгердім сені.
Көбелек қанат қаққанша,
Сағынып үлгердім сені.
Қалалар шамын жаққанша,
Сағынып үлгердім сені.
Бір тамшы тамам дегенше,
Сағынып үлгердім сені.
Бір шырақ жанам дегенше,
Сағынып үлгердім сені.
Бір ойдан қайтам дегенше,
Сағынып үлгердім сені.
Бір сөзді айтам дегенше,
Сағынып үлгердім сені.
Құс ұшып, қонам дегенше,
Сағынып үлгердім сені.
Қу көңіл қалам дегенше,
Сағынып үлгердім сені.
Зарыңды тартам дегенше,
Сағынып үлгердім сені.
Жүгіңді артам дегенше,
Сағынып үлгердім сені!
Жақсы көретін бауырым Ерлан Жүністің өлеңі. Маған поэзия ретінде бұрыннан ұнайтын. Елена апам өз жанынан бір шумақ қосыпты:
Сен мені қинама, қинама бекерге
Сағынып кетем мен, кетем мен кетерде…
Шын сүйген жандарға
Жетпейді екен ғой бір ғұмыр,
Сағынып өтерге…»,-деп жазды журналист Назира Бердалы.
«Осыдан 10-күн бұрын шамасы, қоғамдық көлікте кетіп бара жатып тура марқұм əкеме ұқсайтын бір атаны көріп қалдым, дене бітімі, жасы, киген киімін, жимыйғанын қатты ұқсаттым.
Қөңілім бір босап, бір мауқым басылғандай түсініксіз сəтте болдым. Сосын көлік жүріп кетті…»,-Айгүл Әсет есімді желі қолданушысы осылай жазды.
Көтеген Инстаграм қолданушылары әкесінен айырылған ақынға басу айтып жатты.
http://kyn.kz/2018/06/20/%D0%B0%D1%81%D2%9B%D0%B0%D1%80-%D1%82%D0%B0%D1%83%D1%8B%D0%BD%D0%B0-%D0%B4%D0%B5%D0%B3%D0%B5%D0%BD-%D1%81%D0%B0%D2%93%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D1%88%D1%8B%D0%BD-%D3%A9%D0%BB%D0%B5%D2%A3%D0%BC%D0%B5%D0%BD/