Артқа қайту Басып шығару

Қандай бақыт қалаға қар жауғаны

«Қандай бақыт – басқаны сүймегенім...»
Күләш Ахметова
Қандай бақыт қалаға қар жауғаны,
Ақ ұлпалар – көңілімнің маржандары.

Қандай мұңды – қар жауған құтты күні
Жалғызым жоқ жанымда жалғандағы...

Қандай мұңды – қардың да еритіні,
Қандай мұңды – жардың да жеритіні.

Қандай бақыт – көктемнің келетіні,
Қандай бақыт – БАҚЫТҚА сенетінім!