«Аспаннан Күз жауып тұр»
Аспаннан Күз жауып тұр.
Мен сені ұстамаймын.
Аспанды Түн жауып тұр.
Өршіген тұста қайғым.
Бәрібір мендік емен,
Мейлі, өзіңді жүз жерден қызғанайын...
Атып тастап едім бе,
Болса егер қосатарым?
Аймалайтын едім бе,
Мүмкіндік болса тағы?...
Бәрібір мендік емен,
Мен сені бостандыққа...босатамын.
Тағы да естіп тұрмын
Сол әнді...
Жоқ, жаңбырдың тысыр-әнін.
Құдай-ау, қандай дертке ұшырадым?
Мен бүгін тым төменде қалсам дағы,
Сені тек шырқау көкке ұшырамын...